Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Алматы қаласы Әкімдігі ұйымдастырған жалпықалалық сенбілік аясында Өкілдік басшылығы мен ұжымы «Астана» алаңы саябағының аумағын тазалады. Мұндай шараға қатысу – ұжымның жоғары азаматтық жауапкершілігі мен экологиялық санасының көрінісі. Осындай акциялар қалалық экожүйені жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, әрбір тұрғынның таза әрі жайлы қала қалыптастыруға қосатын үлесінің маңыздылығын айқындай түседі.