Алматыда халықаралық ғылыми форумда «Орталық Азия – Қытай» форматы талқыланды

Алматыда халықаралық ғылыми форумда «Орталық Азия – Қытай» форматы талқыланды

2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Қытайлық үлгідегі модернизация және Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақтағдыры қоғамдастығы» атты халықаралық ғылыми форумға қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараны Эксперттік клубы «Бір белдеу және бір жол», Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және ҚХР-дың «Синьхуа» ақпарат агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған форумға Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпус, қазақстандық ғалымдар, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, сондай-ақ Қытай кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ж. Әбдрашов «Орталық Азия – Қытай» форматы 2023 жылы Сиань қаласында өткен алғашқы Саммиттен кейін өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды тетігіне айналғанын атап өтті.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстары бойынша бірлескен саясат қалыптастыру және озық технологияларды тарту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Өкілдік Басшысы ағымдағы жылдың сәуір айында «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің кездесуін және маусым айында Қазақстанда өтетін «ОА – Қытай» екінші Саммитін өткізуге бағытталған белсенді дайындық жұмыстарына назар аударды.

Форум соңында қатысушылар өңірдің тұрақты, бейбіт әрі жасампаз дамуы жолында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.