Алматыда инвестициялар мен аквамәдениетті дамыту талқыланды

Алматыда инвестициялар мен аквамәдениетті дамыту талқыланды

2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Алмат Суюбаевпен кездесу өткізді. 

Тараптар аквамәдениеттің қолданыстағы инвестициялық жобаларын, балық саласына инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуды талқылады.

Қазақстан Республикасының балық саласын дамыту саласындағы форумды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту және балық шаруашылығы саласындағы бастамаларды ілгерілету мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.