2025 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нико Схермерсті және Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы Чингиз Канапьяновты қабылдады. Кездесу барысында инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-нидерланд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Агроөнеркәсіп және су ресурстарын басқару саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Ж. Әбдрашов қазақстандық тараптың тәжірибе алмасуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін атап өтті. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Нидерланды арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін растады.