Алматы қ. Францияның Елшісімен кездесу

Алматы қ. Францияның Елшісімен кездесу

2025 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен жұмыс кездесуін өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өкілдік Басшысы жоғары деңгейдегі сапарлардың, сондай-ақ астанада өткізуге жоспарланған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.