2025 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэймен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын, сондай-ақ оңтүстік астанада өткізуге жоспарланған іс-шараларды талқылады. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.