СІМ Өкілдік басшысының орынбасары UNESCAP тренингінде сөз сөйледі

СІМ Өкілдік басшысының орынбасары UNESCAP тренингінде сөз сөйледі

2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік басшысының орынбасары Сергей Викторов БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNESCAP) Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшесі ұйымдастырған Орталық Азиядағы баяу дамитын апаттар мен әсерге негізделген болжамдар бойынша ұлттық әлеуетті арттыруға арналған тренингте сөз сөйледі.  

Өз сөзінде ол Орталық Азия алдында тұрған климаттық сын-қатерлерді шешуде өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.  

С. Викторов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Астанада БҰҰ аясында Өңірлік климаттық саммит өткізу жөніндегі бастамасының өзектілігін ерекше атап өтті.  

Сөз соңында, С. Викторов UNESCAP тренингі өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналғанына сенім білдірді.