2024 жылғы 3 наурызда Алматы қаласында «UN Plaza» ғимаратында «Бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл» атты БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қ. ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, ҚР бұрынғы Сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова және Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысты. Қытай, Франция және Ресей Бас консулдары құттықтау сөздерін сөйледі.
Іс-шараның қонақтары дипломатиялық корпус өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, ғылыми орта өкілдері және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері болды.
Өз сөзінде Ж. Әбдрашов ұйымның күрделі жаһандық сын-қатерлерді шешудегі халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастығындағы жетістіктерін атап өтті.
Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтті.