2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының (EUROBAK) жыл сайынғы «Annual General Meeting» іс-шарасына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы қауымдастықтың бизнес, Үкімет және дипломатиялық қоғамдастық арасындағы диалогты дамытуға, сондай-ақ қолайлы инвестициялық климат құруға қосқан үлесін атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары, соның ішінде «жасыл» энергетика, цифрлық трансформация және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық әріптестікті кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін жасалып жатқан мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.