Өкілдік басшысы БҰҰ Еріктілер басқармасының қызмет директорымен кездесті

Өкілдік басшысы БҰҰ Еріктілер басқармасының қызмет директорымен кездесті

2025 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер басқармасының қызмет директоры (UNV) Андрей Погребнякпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақстандық еріктілердің БҰҰ-ның халықаралық бастамаларына қатысуын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның 2026 жылды «Орнықты даму жолындағы халықаралық еріктілер жылы» деп жариялау жөніндегі бастамаларын талқылады. Сондай-ақ, 2025 жылдың шілдесінде тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум аясында өтетін үшінші ерікті ұлттық шолуға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар өңірдің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін растады.