2025 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы жаңа өкілі Чинве Огбоннамен кездесу өткізді. Тараптар демография, денсаулық сақтау, гендерлік теңдік және әлеуметтік қызметтерді жақсарту мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. Ж. Әбдрашов ЮНФПА ұрпақты болу денсаулығы, отбасын жоспарлау және белсенді ұзақ өмір сүру саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті. Өз кезегінде ЮНФПА өкілі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНФПА арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.