Ресей Федерациясының бас консулымен келіссөздер ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде өтті

Ресей Федерациясының бас консулымен келіссөздер ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде өтті

2024 жылғы 21 тамызда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Ресей Федерациясының Бас консулы Д. Тураевпен кездесу өткізіп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын, сондай-ақ оңтүстік астанада өткізуге жоспарланған іс-шараларды талқылады. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.