«Қазақстан мен Қытайдың біртұтас тағдыры қауымдастығы» дөңгелек үстелі

«Қазақстан мен Қытайдың біртұтас тағдыры қауымдастығы» дөңгелек үстелі

ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары И. Раимов «Қазақстан мен Қытайдың біртұтас тағдыры қауымдастығы» дөңгелек үстелінде құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға Қытай Бас консулдығының қызметкерлері, «Бір белдеу-бір жол» клубының және Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ҒЗИ сарапшылары қатысты. Қатысушылардың баяндамалары Орталық Азия елдерінің Қытаймен стратегиялық ынтымақтастығының маңыздылығына арналды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында СІМ Өкілдігінің қызметкерлері мен Қазақстан дипломаттары бірлестігінің мүшелері шығыстанушы ғалым, синолог, тарих ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор К.Ш. Хафизованы 85 жас туған күнімен құттықтады.