Turan Model United Nations 2024

Turan Model United Nations 2024

Тұран университетінде «Turan Model United Nations 2024» халықаралық конференциясының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға 300-ден астам адам, оның ішінде Алматыдағы мектептерінің, лицейлердің және университеттердің студенттері, сондай-ақ шетелдік студенттер қатысты.

Конференцияда ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Аренова және Алматы қаласында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.