Нидерландының Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Нидерландының Қазақстандағы Елшісімен кездесу

2024 жылғы 19 наурызда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н. Схермерспен сыпайылық кездесуін өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіншілігін талқылады.

Сондай-ақ тараптар Қазақстандағы шетелдік инвесторлар арасында Нидерландының жетекші рөлін де атап өтті.

Кездесу соңында дипломаттар оңтүстік астанада өткізуге жоспарланған іс-шараларды талқылап, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға уағдаласты.