2023 жылы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б.Бөлегенов Үндістан Елшілігі Алматы қ. Өкілдігінің консулы С. Котхавадэмен кездесу өткізіп, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық, консулдық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады.