2023 жылғы 27 қазанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Бақаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы күніне орай ресми қабылдау өткізді. Құрметті қонақтар ретінде дипломатиялық корпус пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері шақырылды.
Ә. Бақаев Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің атынан құттықтау сөздерін жолдады. Сөз барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация еліміздің тәуелсіздігін құру жолындағы маңызды қадам болғанын және бұл мереке елімізде белсенді жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік жаңғыртудың жарқын нышаны екенін атап өтті.
Республика күніне орай ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.