Алматы қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпуспен кездесу

Алматы қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпуспен кездесу

2023 жылғы 27 қазанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Бақаев оңтүстік астанада аккредиттелген Бас консулдармен және консулдармен кездесті.

Кездесу барысында консулдық-құқықтық мәселелер, құрметті консулдар институтының қызметі, сондай-ақ сауда-экономикалық және туристік бағыттағы ынтымақтастық жайлы талқыланды.

Шетелдік мекемелердің басшылары Ә. Бақаевты Республика күнімен құттықтап, ұйымдастырылған кездесуге алғыстарын білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша осы сынды кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.