Чехияның Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Чехияның Қазақстандағы Елшісімен кездесу

2023 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі П. Шепелякпен кездесу өткізіп, өзара тиімді саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.