
2023 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласының Әкімдігінің ұйымдастыруымен V Almaty Mount Fest фестивалі аясында туриада өтті. Белсенді демалыс түрлері мен спорттық жарыстар ұштасқан жаяу фестивальге ҚР СІМ Өкілдік қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері, атап айтқанда Қытай мен Францияның Бас консулдары қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталды.