Түркияның «МУСИАД» тәуелсіз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Қорымен кездесу

Түркияның «МУСИАД» тәуелсіз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Қорымен кездесу

ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Б.Бөлегенов Түрік Республикасының Бас консулымен және 60.000-ға жуық Түркияның кәсіпорынды білдіретін «МУСИАД» тәуелсіз өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер қауымдастығы қоғамдық қорының ірі түрік бизнесінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында түрік бизнесмендеріне Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылды және шетелдік инвестицияларды қорғау саласындағы заңнама түсіндірілді. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын алдағы форумға ұсыныстар берілді.

Әңгіме барысында түрік кәсіпкерлері Қазақстан Республикасымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытты.