Әйелдер дипломатиялық клуб

Әйелдер дипломатиялық клуб

2019 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласында Әйелдер дипломатиялық клубының алғашқы отырысы Ritz Carlton қонақ үйінде өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов жаңа қоғамдық ұйымның тұжырымдамасын, мақсаттары мен міндеттерін көрсете отырып, кездесуді ашты. Осы уақытта қоғамдық ұйым әйел-дипломаттарды, шет елдердің Бас консулдарын, дипломаттардың жұбайларын, іскер әйелдерді, қазақстандық истеблишментінің әйел көшбасшыларын, жоғары оқұ орындарының басшыларын, театр, кино және теледидар қайраткерлерін біріктіреді.

2020 жылға арналған Жоспар мен Күн тәртібін талқылау үшін жақын арада жаңа әйел қауымдастығының кезекті отырысы өтеді.