Химиялық қауіпсіздік құралдарын әзірлеу бойынша БҰҰ ғимаратында Семинар

Химиялық қауіпсіздік құралдарын әзірлеу бойынша БҰҰ ғимаратында Семинар

2019 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (OPCW) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп химиялық қауіпсіздік құралдарын әзірлеу бойынша БҰҰ ғимаратында Семинар ұйымдастырылды.

Семинарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің Директоры Дастан Шерязданұлы Елеукенов ашып, құттықтау сөзінде Қазақстан химиялық қару қатерлерін азайтуға, химиялық қауіпсіздікті жоғартуға және әлемдегі химиялық қауіпсіздік қатерлерін төмендетуге жақтайтындығын белгіледі.

Семинарға 21 OPCW-ға мүше мемлекеттің өкілдері, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері мен Беларусь Республикасының сарапшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі қатысты.

Іс-шара барысында химиялық қауіпсіздік пен химиялық өндіріс қауіпсіздігін басқару бойынша міндетті емес жетекші құжаттарды әзірлеу саласында сектораралық серіктестік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ,  Семинарда химиялық қауіптерді анықтау және химиялық қауіпсіздікті басқару құралдары ұсынылды.