«Қорғас-Шығыс қақпасы»

«Қорғас-Шығыс қақпасы»

2019 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов және неміс компанияларының өкілдері Қорғаста сапармен болып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Бас директоры Мұрат Баймұханбетовпен кездесті. «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА басшылығы дипломатиялық корпус және бизнес өкілдерімен жыл сайын кездеседі.

Кездесуде жаңа жүк әуежайының құрылысы туралы және шетелдік инвесторларды, соның ішінде неміс компанияларды тарту бойынша ақпарат берілді. Келіссөздер барысында Lufthansa және басқа да неміс компанияларының өкілдері «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инвестиция салуға қызығушылық білдірді.

Бұл порт Еуропадан Азияға және керісінше жақсы транзиттік аймақ болады, - деп М. Баймұханбетов қорытынды берді.