«Польша - Еуропалық Одағының құрамында 15 жылдығы»

«Польша - Еуропалық Одағының құрамында 15 жылдығы»

2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде «Польша - Еуропалық Одағының құрамында 15 жылдығы» көрмесінің ашылуы өтті.

22 түсті стендтерден тұратын көрменің фотоматериалдары XVI ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Польшаның тарихын бейнелейді, сонымен бірге Польшаның Еуропалық Одаққа кіру кезеңдері мен 15 жылдағы ел өміріндегі ғылыми, экономикалық, мәдениет, спорт және туризм инфрақұрылымдық, қоршаған ортаны қорғау, тарихи нысандарды қалпына келтіру және т.б. саладағы өзгерістерді қамтиды.

Көрмеде заманауи Польшаның даму деңгейі мен маңыздылығы, халықаралық іс-шараларға қатысуы, дамушы елдерге жәрдем беруі, Еуропаға көп ғасырлық мүшелігі, оның мұрасы мен мәдениетінің ерекшелігі көрсетілген.

Көрмені Польша Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Еуропалық орталығы - NATOLIN» қорымен бірлесіп дайындады.

Көрменің ашылу салтанатына Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Виолетта Собераньска, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдарының өкілдері, мұражай дирекциясы мен БАҚ қатысты.

Көрме 2019 жылдың 8 желтоқсанына дейін жұмыс істейді.