Алматыда Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі құрметіне орайластырылған іс-шаралар болып өтті

Алматыда Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі құрметіне орайластырылған іс-шаралар болып өтті

АЛМАТЫ, 2021 жылғы 2 наурыз – Бүгін дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне арналған «Жастардың Әрекеттер онжылдығы аясында Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел мен форум болып өтті.

       ҚР Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің бастамасымен өткен форум ғылыми қоғамдастық пен жастар ұйымдарының толық қолдауына ие болды.  Қос шара Қазақстан Республикасының БҰҰ-на кіргеніне 29 жыл толуы (1992 жылғы 2 наурыз) мен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

       Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары ретінде: ҚР-дың Экс-Сыртқы істер министрі, ҚР-дың БҰҰ жанындағы алғашқы Тұрақты өкілі А.Арыстанбекова, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, ҚР-дың БҰҰ жанындағы Экс-Тұрақты өкілі Б. Әйтімова, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Д.Теменов, Нұр-Сұлтандағы дипломатиялық корпустың Дуайені, Кувейттің ҚР-дағы Елшісі Тарек аль-Фарадж және басқалар сөз сөйледі.

       Қатысушылар Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қысқа мерзімде қол жеткізген белсенді рөлін, БҰҰ-ның диалогтық алаңдарының аймақтық ұйымдармен өзара іс-қимылын дамытуға қосқан үлесін, негізгі бағдарламалық құжаттарды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

       Қазақстан ұйымның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерге қолдау көрсету қызметін күшейтуге бағытталған даму жүйесінің реформалануын қолдайды әрі оның жүзе асуына қазірдің өзінде нақты үлес қосуда.

       Дәл осы күні Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті алаңында форум болып өтті. Онда ҚазҰУ бірінші проректоры М.Бүркітбаев, Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Өкілдігі басшысы Е.Ысқақов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті өкілі В.Самек және басқалар құттықтап, сөз сөйледі.

       Аталған іс-шараларға Қазақстанның белсенді қатысуы оның халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-дағы қызметіне деген қызығушылықты растап қана қоймай, сондай-ақ еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша өңірлік ынтымақтастыққа қосып жатан үлесіне деген бағаны еселейтінін атап өткен жөн.

       Іс-шара нәтижесі бойынша «сұрақ-жауап» форматындағы белсенді диалог орын алды.