
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Алматы қ. Бас консулы Мишель Еркин қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі атынан Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.