Алматыда португал музыкалық аспаптарын қазақтың халық музыкалық аспаптар музейіне тапсыру рәсімі өтті

Алматыда португал музыкалық аспаптарын қазақтың халық музыкалық аспаптар музейіне тапсыру рәсімі өтті

2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Португалия Республикасының Ұлттық күніне, сондай-ақ португал ұлттық музыкалық аспаптарын Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне табыстау рәсіміне арналған іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараны Қазақстандағы Португалия Елшілігі ұйымдастырды. Өз сөзінде Елші аталған іс-шараның екі халықтың мәдени және рухани бірлігінің символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, шығармашылық мұраның елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды дамытудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.