
2026 жылдың 16 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов венгриялық «Globus Konzervipari Zrt.» компаниясының коммерциялық директоры Лазло Берениймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қоспалар мен консерванттарсыз консервіленген көкөністер өндіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға күш-жігерді белсенді қолдауға келісті.