Өкілдік басшысы Ресей Бас консулдығының қабылдауына қатысты

Өкілдік басшысы Ресей Бас консулдығының қабылдауына қатысты

2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтілген “9-мамыр Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 81-жылдығының қабылдау іс-шарасына қатысып, сөз сөйледі.

Өз сөзінде, Елші Жеңіс күні — халықтар бірлігінің символы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, басты міндет — тарихи шындықты бұрмалаусыз сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу екендігін атап өтті.