
2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қытай Халық Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Су Фанциюге экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз тарапынан Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында Өкілдік басшысы екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Өз кезегінде, Қытай Халық Республикасының Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.