Алматыда «Қазақстан мен Қытайдың ортақ тағдыр қауымдастығы: жаңа геосаяси жағдайлардағы жан-жақты ынтымақтастықтың перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Алматыда «Қазақстан мен Қытайдың ортақ тағдыр қауымдастығы: жаңа геосаяси жағдайлардағы жан-жақты ынтымақтастықтың перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

      2026 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан-Неміс Университетінде өткен «Қазақстан мен Қытайдың ортақ тағдыр қауымдастығы: жаңа геосаяси жағдайлардағы жан-жақты ынтымақтастықтың перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынасының тұрақты «алтын кезеңге» қадам басқанын, бұған Қазақстандағы қытай капиталы бар 8 мыңнан астам компанияның жұмысы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының сәтті ұштасуы дәлел екенін жеткізді. Шара барысында жасыл энергетика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі халықаралық үйлесімділікке баса назар аударылды.