
2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Болгария Елшілігінің Өкілетті министрі Пламен Петковпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Өкілдік басшысы Алматы қаласында Елшіліктің сауда-экономикалық бөлімінің ашылуын құттықтады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасқа серпін беретіндігін атап өтті. Өз кезегінде, Өкілетті министр екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.