2026 жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов «Қазақ қоғамындағы әулеттер: тарихы, тағдыры және тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Өз сөзінде дипломат қазақ әулеттері ел басқаруда, ғылым мен білімде, мәдениет пен руханиятта ерекше рөл атқаратындығын айтты.
Сөз соңында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші жаһандану дәуірінде әулеттік құндылықтарды сақтау – ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.