
2026 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы ұйымдастырған Қытай Жаңа жылын - «Чуньцзе» көктем мерекесін мерекелеу аясында «Шамдар» мерекесіне орай мәдени іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достық пен кең ауқымды өзара іс-қимылға негізделген көпқырлы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сөз соңында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Қытай халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.