
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымының елімізде өкілдік ететін агенттіктері басшыларымен кездесу өткізді.
Сыртқы саяси ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстанның Ұйым Жарғысы мен оның халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты дамуды қолдаудағы негізгі рөліне деген бұлжымас бейілділігін растады.
Ол сондай-ақ жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған басты ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
«Реформа жүйелі де ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталады», - деп атап өтті Е.Көшербаев.