Алматыдағы екінші Мажар балы

Алматыдағы екінші Мажар балы

2026 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы қаласындағы Мажарстанның Бас консулдығы ұйымдастырған Алматыдағы “Мажар балына” қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы мажар мәдениетінің, салт-дәстүрі мен өнерінің асқақ мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы берік әрі достық қарым-қатынастардың  айқын көрінісі екенін атап өтті.