
2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы биологиялық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік оқыту тренингіне қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шараны Қазақстан СІМ қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауымен Біріккен Ұлттар ұйымының терроризмге қарсы басқармасы (UNCCT) ұйымдастырды.
Өз сөзінде Өкілдік басшысы Қазақстанның өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ төтенше сын-қатерлер мәселелері бойынша UNCCT-мен белсенді ынтымақтастықты атап өтті.
Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасына ерекше назар аударылды.
Соңында қатысушылар қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларға үлес қосуға дайын екендіктерін растады.