
2026 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Бельгия Елшілігінің сауда-экономикалық бөлімінің кеңесшісі, Айжан Мұсақановамен, кездесу өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Кеңесші екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.