Өкілдік Басшысы Тәжікстанның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

Өкілдік Басшысы Тәжікстанның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті

2026 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Тәжікстан Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Фируз Муродзодаға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Тәжікстанның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.