
2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырған «Alatau Invest Forum 2025» халықаралық форумының салтанатты ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Форум мемлекеттік құрылымдар мен шетелдік бизнес өкілдері арасында қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік берді. Өз сөзінде Елші Алматы облысының стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің әлеуетін ашуға бағытталған халықаралық инвестициялық әріптестіктің нығая түскенін атап өтті.