
2025 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «БҰҰ-әйелдер» Қазақстандағы агенттігі ұйымдастырған Орталық Азиядағы гендерлік деректер негізінде әзірленген «Тірек: Оның өмір жібі» атты мәдени-ағартушылық көрменің ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Көрме Орталық Азия әйелдерінің әлеуметтік даму, гендерлік теңсіздік, экономикалық мүмкіндіктер және зорлық-зомбылықтың алдын алу салаларындағы үлесін айқын көрсетті. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ әділ әрі инклюзивті қоғам құруға бейілділігін атап өтті.