
2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» Президенті Еркебек Арғымбаевты және Бас директоры Әсел Тастанованы қабылдады. Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, халықтың осал топтарын қолдауды және гуманитарлық көмекті, әсіресе күшейіп келе жатқан климаттық сын-қатерлер контекстінде, талқылады. Соңында тараптар гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы белсенді ынтымақты жалғастыруға келісті.