
2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Германияның Бас консулы Маттиас Кислермен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар консулдық-құқықтық мәселелерді талқылады және екіжақты форматта өзара іс-қимылды әрі қарай белсенді қолдауға дайын екендіктерін растады.