
2025 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «Аймақтық экономиканың даму перспективалары» тақырыбындағы Өңірлік экономикалық болжамға қатысты. Іс-шара Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамыту өңірлік орталығы (CCAMTAC) ұйымдастырылды. Сессия барысында қатысушылар өңірдің тұрақты және инновациялық экономикасын дамыту мәселелерін талқылады.