Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

2025 жылғы 24 қазанда Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні және
Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы
Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар
жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов,
Қазақстан Республикасының бұрыңғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ
жанындағы тұнғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, сондай-ақ Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатар
дипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарының
өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күн
тәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды.

Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін
және БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына адалдығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет
басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған, халықаралық
бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын
атап өтті.

Ерекше назар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар
жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына аударылды.

Сондай-ақ, БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесіп
«Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.