Алматы қаласында Корей медициналық диагностикалық орталығы ашылды

Алматы қаласында Корей медициналық диагностикалық орталығы ашылды

2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов,  Алматы қаласындағы алғашқы Корей медициналық диагностикалық орталығы «Open Healthcare Kazakhstan» ЖШС-нің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа орталықтың жалпы инвестиция көлемі 14 млрд теңгеден астам болатын инвестициялық жоба болып табылады. Орталық заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталып, озық корей сапа стандарттарына сәйкес жасақталған. Орталықтың ашылуы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және қазақстан-кореялық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.