Қытайдың Бас консулымен кездесу Алматыдағы СІМ Өкілдігінде өтті

Қытайдың Бас консулымен кездесу Алматыдағы СІМ Өкілдігінде өтті

2025 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэй қабылдады. Кездесу барысында Ж. Әбдрашов екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі атынан Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бас консулға құрмет грамотасы табыс етілді.