2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді.
Тараптар саяси, экономикалық және консулдық салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Германияның Алматы қаласындағы Бас консулдығының жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықты атап өтті.