Үндістан тағамдары фестивалінде Қазақстан мен Үндістан мәдени байланыстарды нығайтты

Үндістан тағамдары фестивалінде Қазақстан мен Үндістан мәдени байланыстарды нығайтты

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Үндістан тағамдары фестивалі аясындағы Гала кешкі асқа қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен «InterContinental Almaty» қонақ үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Өз сөзінде Өкілдік Басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ екі халық арасындағы мәдени алмасуды нығайтуды атап өтті.